140
Қиыншылыққа төзе білу әдебі
Бүгінгі таңда жас өспірімдердің арасында өзіне
өзі қол жұмсап, жанбай жатып сөнушілік, өспей жа-
тып солушылық әрекеттер көптеп кездесіп жатқаны
кімді болса да толғандырмай қоймасы анық. Өкінішке
қарай, осындай сұмдық өлімнің саны жөнінен Қазақстан
әлемде үшінші орында тұр. Бұл істің ата-анаға да
қатысты себептері барлығын ескеріп, бүгінгі сөзімізді
осы жөнсіз өлімнің алдын алу төңірегінде өрбітпекпіз.
Өйткені өзін-өзі өлтіру Ислам дінінде өте ауыр күнәлар
қатарына жатады. Оның бұл дүниедегі адамдарға
келтіретін ауыр қасіреті бір бөлек, арғы дүниедегі жан
шыдатпас мәңгілік азабы одан да ауыр. Хадистердің
бірінде: «Кім өз жанын қандай затпен қиса, тозақта сол
затпен азапталады» делінген. Сондай-ақ: «Кімде-кім
өзін-өзі бір темірмен өлтірсе, жаһаннамда қолына темір
алып мәңгі-бақи өзін өзі түйреумен болады. Ал кімде
кім у ішіп өлсе, Жаһаннам отында мәңгілік у ішумен
болады. Ал кім өзін таудан тастап өлтірсе, жаһаннамда
да мәңгі өзін лақтырып тұрады» – делінген хадис те бар.
Сондықтан ата-аналардың кейбір сақтық шаралары мен
оның алдын алудың кейбір жолдарын білуінде пайда
бар деп санаймыз.
Кейбір ғалымдар өзіне қол жұмсау балаға шектен
тыс қысым көрсетушіліктен, тыйымдарды көп жасаудан,
олардың кей тілектерін орындамаудан, олар қызыққан
затты сатып әпере алмаудан, құрдастарының қысым
көрсетуінен, өзін ешкімге керексіз жалғыз сезінуден
т.б. себептерден пайда болады деп есептейді. Алайда