Previous Page  138 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 138 / 192 Next Page
Page Background

138

Жанұя жарасымы

Сондай-ақ сыр сақтау арқылы бала бойында ауыр ру-

хани жүк көтеріп жүруге дағдыланады. Содан келіп

салмақтылық, салиқалылық мінезі де қалыптасады.

Енді осы жайлы сайыпқыран сахабалардың өмірінен

бір мысал келтіре кетелік: «Бірде Әнас атты сахаба

Алла елшісінің сөздерін тыңдап отырып, анасының

шақыруына кешігіп қалады. Анасы: «Неге кешіктің,

балам?» деп сұрағанда, «Анашым, бұл сыр», – деп

жауап қайырды. Сонда анасы: «Балам, Алла елшісінің

сырын еш уақытта ешкімге жаюшы болма», – деп сыр

сақтаудың маңызын білдіріп, пысықтап қойды. Сөйтіп

Әнас (р.а.) бұл сырды анасынан да, кейін өзінен осы

хадисті алған Сәбиттен де жасырды. Сонда оған былай

деді: «Бауырым Сәбит, Алланың атымен ант етемін,

егер осы сырды тірі жанға айтар болсам, алдымен өзіңе

айтар едім».

Әдеп атаулының өзге түрлерін де Алла елшісі

балаларға сол істің басы-қасында арнайы көңіл бөліп

үйретіп отырған. Умар ибн Әбу Сәлманың басынан

өткен мына жағдай соның жарқын үлгісі: «Бала кезімде

Алла елшісімен бір дастарханда отыр едім. Қолдарымды

алдымыздағы асқа бейберекет жүгірте бергенімді

байқаған Алланың елшісі (с.ғ.с.) маған: «Балақай,

«бисмиллә» деп Алла атымен баста, оң қолыңмен және

табақтың өз алдыңдағы тұсынан же!» – деп ескертті.

Міне, Алла елшісі (с.ғ.с.) дініміздегі тамақтануға

қатысты бірнеше ережені көрсетіп берді. Хадисті

жеткізген сахаба «Сол тамақтануды еш уақытта ұмытқан

емеспін» деп сөзін аяқтапты.

Иә, мұндай екі дүниелік маңызы бар өмірлік

сабақтар ешуақытта ұмытылмайтыны рас. Осы