133
Баланы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Біз бүгінгі тақырыбымызды бастамай тұрып бұрын
құрметті ата-аналармен бір мәселенің басын ашып,
келікен жөн секілді. Біз перзенттеріміздің дінімізге,
ұлтымызға, отанымызға деген көзқарасын дұрыс
қалыптастыра алдық па? Бүгінгі біз көріп отырған
жағдай бізге ұнай ма? Бала-шағамыздан елім деп
елжіреген елжанды азаматтар шығатын түрі бар ма?
Алдағы күннен қандай үмітіміз бар? Жұртымыздың
жарқын болашағы үшін қажыр-қайрат жұмсап жүрміз
бе? Міне осы сұрақтар әрбір ата-ананы мазалауы тиіс
деп ойлаймыз. Өйткені әрбір адамның тегі мен түп та-
мырлары ұлттық ерекшеліктермен байланысып жатыр
десек артық айтқандық емес.
Ендеше, осы ұлттық тамырлардың қасиетті
кітабымыз Құран мен Алла елшісінің сүннет жолынан
нәр алуына, иман, сенім ақиқаттарымен қуаттануына
жағдай жасауымыз керек.
Бүгінгі таңда, өкінішке қарай, тек бір күндік қызығы
мен жанының амандығына ғана көңіл бөлетін, ұлт, ел,
отан деген қасиетті ұғымдарды ұмытқан кей жастар-
ды көргенде қынжылатынымыз рас. Тым болмаса,
тәуелсіз, азат отан болмаса, бүгінгідей жайбарақат күн
кешу мүмкін болмай қалатынын да ойламайтын жас
азаматтарға еріксіз қарнымыз ашады.
Алайда сол отанның азаттығын армандаған небір
асыл ерлеріміз еңіреп жүріп өмірден озып кеткеніне та-
рих куә. Мысалы, бір ғана кешегі Міржақып Дулатовтың
мына бір шумағына назар аударып көрелікші: