Previous Page  130 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 130 / 192 Next Page
Page Background

130

Жанұя жарасымы

Құранда мынадай бір тамаша аят бар:

«

Жаннаттық

адамдардың қасында әрдайым пәк балалар болады,

сен оларды көрген кезіңде жерге шашылған інжу-

маржан деп ойлайсың

».

Олай болса, баланы мұсылман

етіп тәрбиелеуді бүгіннен қалдырмай бастау керек.

Осы тұста отбасында тек ізгілік үйренген бала жайлы

мына бір оқиғаны орайластыра кетелік:

Бір күні хазірет Омар (р.а.) ойнап жүрген балаларды

көреді. Алайда бір баланың ойынға қатыспай, шетте

тұрғанын байқайды. Қасына барып:

– Балақай, сен неге ойнамайсың? – деп сұрайды.

Бала болса:

– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Аллаһ тағала

«Адамдар мен жындарды тек қана мені танып, маған

құлшылық етсін деп жараттым» дейді. Біз ойнау үшін

жаратылған жоқпыз ғой?! – деп таңқаларлық жауап

қайырады.

Хазірет Омар балаға: «Жасың әлі кіші емес пе?» –

дегенде, ол:

– Уа, мұсылмандардың әміршісі! Мен үйде

анамның от жаққанда әуелі кішкентай шырпыларды

тұтататынын байқадым, – деп жауап береді.

Хазірет Омардың көңілін толқытып, көзіне жас

алдырған бұл бала – ғалым сахаба Абдуллаһ ибн

Зүбәйрдің (р.а.) ұлы болатын.

Ислам діні көркем мінезге ерекше мән беретін дін.

Сондықтан бала-шағамызға иман, мейірім, тазалық,

сабыр, зеректік, адалдық, әділдік, жомарттық, тәуекел,

кішілік секілді ізгі мінез-құлықтардың негіздерін толық

үйретуіміз керек. Сондай-ақ аманатқа қиянат жасамау,

уәдені бұзбау, өтірік, өсек, жаладан аулақ болуды да

жас бүлдіршіндердің бойына сіңіріп өсірген жөн. Асыл