135
Бала болашағымыз
қаласына деген қимастық сезімін төмендегі сөздермен
білдірді:
“Уаллаһи, сен Аллаhтың жаратқан мекендерінің
ішінде ең құттысысың. Аллаh сүйген орынсың.
Мен үшін де сенен қайырлы, сенен әсем жұрт
жоқ.
Кетуге мәжбүр болмасам, басқа жерден қоныс іздеп
көшпес едім. Қош бол, туған жер – атамекенім!”
Хақ тағала осы сәтте сүйікті құлын жұбату
мақсатымен төмендегі аяттарын түсірді:
“Әрине, ол Құранды түсіріп, таратуды саған па-
рыз қылған Аллаh сені қайтадан қауышар мекеніңе
(Меккеге) оралтады”
(Қасас сүресі, 85-аят)