Previous Page  134 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 134 / 192 Next Page
Page Background

134

Жанұя жарасымы

Жапанға мен бір біткен аласа ағаш,

Демеймін жемісі мол тамаша ағаш,

Соңғы жаңқам қалғанша мен сенікі

Пайдалан қажетіңе жараса алаш!

Иә, өзін соңғы жаңқасына дейін ел игілігіне атай

білген нағыз ерліктің үлгісі осы болса керек.

Ахмет Байтұрсыновтың «Қамауда малың, қанауда

жаның, Аш көзіңді оянып» деп елдің рухын селт

еткізетін сергек сөз жазғаны да мәлім.

Енді ұлт, Отан ұғымдарына асыл дініміздің көзқарасы

қандай? Бұл тұрғыда ең алдымен айтпағымыз, Алла

тағала адам баласын жаппай бір-ақ ұл етіп жаратпаған.

Ұлттар, рулар етіп жаратқан. Бұл жайлы Құранда былай

делінген:

«Әй адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір

әйелден (Адам, Хауадан) жараттық. Сондай-ақ

бір-біріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, ру-

лар қылдық. Шынында Алланың қасында ең

ардақтыларың тақуаларың» («Хужурат» сүресі, 13

аят)

Пайғамбарымыз көрген түсін сахабаларына

баяндағанда, олар қатты қуанады. Өйткені мұһажирлер

Меккеден Мәдинаға қоныс аударғалы да аттай алты

жыл өткен. Осы уақыт аралығында үлкенді-кішілі істер

тындырып, үлкен нәтижелерге қол жеткізгенмен отанға

деген сағыныш көңіл түкпірлерінен терең орын алған.

Туып-өскен ата мекеннің топырағына ат басын тірейтін

күнді іштей аңсайтын.

Аллаһ елшісіне туып-өскен мекенінен айырылу оңай

болмады. Артына қайта-қайта қарайлап, мұңды жанарын

Меккеге тігумен болды. Хәзрауа алқабына келгенде

түйесін тоқтатып, көз ұшында қалып бара жатқан туған