Previous Page  132 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 132 / 192 Next Page
Page Background

132

Жанұя жарасымы

тауға шықса да әкесі одан хабардар болсын. Қысқасы,

әке өз ұл-қызының қай уақытта қайда жүретінін бес

саусағындай жақсы білуі керек. Баланы өз бетінше

қоя беріп, тәртіп-тәрбиесіне көңіл бөлінбей қалса, ол

бұзықшылыққа, күнәға қарай бет алды деп ойлай беріңіз.

Өйткені ол нәпсісімен жеке қалғанда оның «мұғалімі»

де, «ұстазы» да лағынет атқыр шайтан болары анық..

Тағы бір мәселе – бала әрбір ісін кеңеске салып,

үлкендердің, ақылы мен білімі мол жандардың ақылын

ала білуді үйренгені дұрыс.

Ислам дінінде мән берілетін тағы бір мәселе –

экономикалық тәрбие. Дініміз адам баласын үнемшіл

болуғашақырады. Бір қарағанда, балаға экономиканың не

қатысы бар деп ойлауға болады. Бірақ шындығында бұл

өте маңызды мәселе. Балаға өз еңбегінің жемісін көруге

үйретудің пайдасы мол. Үйдегі мал шаруашылығына

араласып немесе егін егіп, бау-бақша өсіру арқылы да

бала отбасы экономикасына үлес қоса алады. Сондай-

ақ баланы ертіп жүріп, базар-ошар жасағанда, оған тек

қажетті дүниені ғана әперіп дағдыландырған жөн.