Previous Page  131 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 131 / 192 Next Page
Page Background

131

Бала болашағымыз

дініміздің бұл құндылықтары әрбір мұсылманның

бойынан табылуы тиіс. Кез келген адамның жүрегінде

бұл мінездердің дәні жасырулы жатыр. Тек солардың

балаларымыздың жүрегінде гүлдеп, жайқалуын, да-

муын және бұл дүние мен ақыретте жеміс беретіндей

етіп өсуін қадағалауға тиіспіз. Сол себепті оның жан

дүниесін жас шамасына қарай рухани нәрмен үнемі

байытып отырған дұрыс.

Ислам – ғылым-білімге шақыратын дін. Әрбір

мұсылман ерге де, мұсылман әйелге де ғылым іздену

парыз. Сондай-ақ Исламда ілім атаулы шариғат үкімдері

мен дін негіздерімен шектелмейді. Сондықтан балаға

заманауи технологияларды, химия мен физиканың

жетістіктерін, медицина мен заң ілімдерін Құран мен

хадистермен астарластыра үйретудің мәні зор. Қазіргі

кезде бала компьютерді қалай жетік білсе, өз дінін де,

Құран қазыналарын да солай меңгеруге тиіс. Өткен

дәуірлерде бүкіл ғаламның, жаһанның өркендеуіне

Шығыс ғұламалары теңдессіз үлес қосты десек, олар

бүкіл ілімді Құраннан үйренгенін бала білуі тиіс.

Құранда Алла тағала:

(و قل رب زدني علما).

«

Раббым, білімімді арттыра

гөр!

» деп дұға жасауды бұйырған.

Ислам жанұялық өмірге де ерекше мән береді.

Сондықтан өсіп келе жатқан бала отбасының шағын

бір мемлекет екендігін, оны бір кісі басқаруы керектігін

және отбасы мүшелері сол басшыға толық бағынуға тиіс

және әрбір отбасы мүшесінің жанұяда өзіндік орны,

соған орай жауапкершілігі бар екендігін де сезінуі

керек.

Олай болса, бала әрбір ісін сол отбасы басшысының,

яғни әкесінің рұқсатымен жасауы тиіс. Бауға барса да,