136
Балаға әдеп дәрістері
Ата-ананың баласы алдындағы негізгі міндеттерінің
бірі – оларға жақсы әдеп үйрету. Жақсы әдеп үйрету ісі
көп жағдайда баланың балаң түсініктерін дер кезінде
дұрыстау, оның білместікпен жасаған қателіктерін
түзету арқылы жүзеге асады. Мысалы, баламыздың
төсегінде етпетінен жатқанын көрсек, оған: «Балам, еш
уақытта етпетіңнен жатушы болма, оң жақ қырыңмен
жат. Дініміз солай талап етеді» деп, бірден қателігін
түзетіп отырған дұрыс. Қате қылықтар перзенттеріміздің
жас кезінде түзетіліп отырмаса, кейін әбден дағдыға ай-
налып, бойына сіңіп кеткен соң оңалту қиын болады.
Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) шариғатымызға жат,
ұнамсыз қылықты көрсе, бірден түзетіп, оның жасалу
себептерін тауып, қажет кезде ол ұнамсыз қылыққа ба-
лама ретінде не істеуге болатынын үйретіп, тіпті әлгі
адамның ондай қылыққа екінші бармауын тілеп, Алла
тағалаға дұға да жасайтын болған. Қазір де кез келген
ата-ана бала тәрбиесінде осыны ескергені жөн.
Бала жасаған қателікті «олай жасама, бұлай жасама,
үйтпе, сүйтпе» деп жалаң тыйымдармен немесе қатаң
қорқытумен түзете алмаймыз. Баламыздың дұрыс емес
іс-әрекетін көрсек, оны сол жерде түзетіп, содан соң
сол іске қатысты шариғат қағидаларын да түсіндіріп
отырған дұрыс. Сонда кез келген қателік түп тамы-
рымен жойылады. Ендеше, бала-шағамыз теледидар-
дан әдепсіз фильмдер көріп отырғанын байқасақ, оны
жай ғана тыйып тастау немесе теледидарды сөндіре