Previous Page  141 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 141 / 192 Next Page
Page Background

141

Бала болашағымыз

бұлардың барлығынан да басты себеп Аллаға, ақырет

күніне және тағдырға иманның әлсіздігінен пайда бола-

ды деп есептейміз. Әсіресе, жақсылық та, жамандық та

Алладан екендігіне сенімнің жоқтығы осындай күнәлі

іске көбірек себеп болады. Енді мұсылман адамның

ауыртпашылыққа, қайғы-қасіретке көзқарасы қандай

болуы керек. Соған тоқталайық.

Жер бетінде қиыншылыққа душар болмаған,

қайғыға ұшырамаған жан жоқ. Басына түрлі бәле келіп,

қиналмаған кісі де кездеспесі хақ. Оның сыры адамның

адам болып жаратылуында жатыр. Ендеше, жер бетінде

ешкім де қиындықтан қашып құтыла алмайды. Бірақ

мұсылман адам ондай қиындықтарды иманмен, әдеппен

қарсы алып шыдамдылық, танытуы қажет. Сонда ғана

ол бұл сынақтан сүрінбей өтіп, оны өз пайдасына

шешеді.

Мұндай ауыр шақтарда сақталуы тиіс негізгі

әдептердің бірі – проблеманың Алладан келгеніне

толық сеніп көнігу және тағдырға қарсы шағым сөздер

айтпау. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Са-

быр – соққының алғаш тиген шағында» делінген. Ен-

деше, жоғарыда айтылғандай, кейбір қиыншылықтарға

тап болғанда ең алдымен осы сабырды еске алу керек.

Ал сабыр құр үндемей қоя салу деген сөз емес, сонымен

бірге Алланың осы қалауы жайлы ойланып, пікір ету

де сабырға жатады. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Үндемегені

– пайымдау, қарағаны – ғибрат, сөйлегені – даналық

болған жан құтылды» деген хадисінде иманды жан

айналасындағы әрбір нәрсеге, әр оқиғаға ғибрат көзімен

қарайтынын өлшем етіп білдірген. Олай болса, мүмин

адам сөйлеуден бұрын ойланып пікір жүгіртіп, сөздерін

сүзгіден өткізуі, ал сөйлеген кезде тілінен даналық