Previous Page  145 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 145 / 192 Next Page
Page Background

145

Бала болашағымыз

Осындай қоғамдық әрі рухани тығырықтан шығудың

жалғыз ғана жолы бар. Ол ата дініміз Исламның тәрбие

өлшемдері мен қағидаларына жеткілікті мән беру. Яғни,

мұсылмандық тәрбиені әр отбасында жүзеге асыру. Кеңес

үкіметінен қалған дәстүрлі педагогика қаншама жыл-

дар бойы мектепте де, университетте де оқытылғанмен,

бүгінгі түйткілдерге төтеп беруге қауқарсыз. Өйткені

түбі солқылдақ. Ал мұсылмандықтың шарттарын дұрыс

орындап жүрген отбасыларда ана өмірлік тәлімгерге,

ал әке мұғалімге айналатынын көреміз. Неге? Өйткені

Ислам дінінің негізгі арқауы адам тәрбиесі. Бүкіл

пайғамбарлар адам тәрбиесімен айналысқан.

Осы тұста «тәрбия» деген арабша сөздің мәнін

аша кетейік. Сөздікке қарасақ, «тәрбие» жетілдіру,

жақсарту, бір нәрсені бірте-бірте, сатылап, сатылап

кемелдендіру деген мәндерді беретінін байқаймыз. Бұл

сөздің түбірі араб тіліндегі «Рабб» сөзімен тектес болуы

тегін емес. Байқасаңыз, мұсылмандар дұға жасағанда,

Алла тағалаға «уа, Раббым» деп тіл қатады. Ендеше,

бүкіл тәрбие саласы имандылықтан басталып, нәр алуы

тиіс. «Раббани», яғни иләһи, құдайлық тәрбиеге мән

бермей, жас өспірімді жетілдірем деу бос әурешілік.

Ондай тәрбие баланы өсірмейді. Иә, дініміз Исламның

бүкіл дүниені түгел қамтитын тәрбие жүйесі бар. Бұл

жүйенің түпкі хикметтері, көркем мінез бен әдепке

жетелейтін әдістері, әдіснамасы, жан-жақтылығы,

кеңдігі, байлығы, қысқасы, қай жағы болмасын өзінен

өзге барлық тәрбие жолдарынан әлдеқайда асқақ екені

даусыз. Өйткені адамның бүкіл сырларын Жаратушы

иеден артық білетін ешкім жоқ. Иә, Алла тағала бізге

бізден жақын. Сондықтан Құранда Алла тағала былай

дейді: «

Шын мәнінде, адам баласын Біз жараттық.