150
Бала тәрбиесі – міндетіміз
Бала-шаға – ата-ананың мойнына жүктелген үлкен
аманат. Қиямет күні олар жайлы міндетті түрде жауапқа
тартылады. Балалардың ата-анасынан алуға тиіс бірнеше
ақылар бар. Сол ақылардың ең үлкені, әрі ең маңыздысы
– дұрыс, имани тәрбие. Перзентті ішкізіп-жегізу,
киіндіру, бағып-қағу, ауырса дәрі-дәрмегін әперу де
міндет. Бірақ бұлар тәрбиенің өзегі емес. Ислами тәрбие
бұлармен ғана шектелмейді. Бұл аталғандарды иманды
болсын, иманды болмасын, жақсысы болсын, жаманы
болсын, кез келген қауым атқарады. Тіпті хайуан екеш
хайуанның өзі өз төлін асырап, оларға қамқорлық жа-
сайды. Мысалы, қарлығаштың балапанының аузына
тамақты қалай әкеп салатыны баршамызға мәлім. Қыран
қалай балапанын ұшуға баптайды. Бұл да тәрбие. Алай-
да ислами, адами тәрбиенің жөні, әрине, бөлек. Өйткені
адамның жаратылу мақсаты басқа. Оның жоқтан бар
болуындағы мақсат – Жаратқан иесін танып біліп, оның
алдында бас иіп, құлшылық ету. Оның алдында жанды
жадырататын жұмақ немесе күйзелтуші азап орны күтіп
тұр. Олай болса, ата-ананың ең үлкен уайымы бауыр
еті баласын мәңгілік жұмаққа қарай жетелеу. Ол үшін
ең алдымен оған Аллаға иман етіп, ардақты Мұхаммед
пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жолымен жүріп, ел-жұртына,
халқына, пайда келтіріп, аяулы ата-анасын құрмет етіп,
мұсылманша өмір сүру үлгісін үйрету керек. Құранда
мынадай аят бар: «
Уа, иман келтіргендер
! Ө
здеріңді
және үй іші, отбасыларыңды отыны адамдар мен
тастан болған тозақ отынан сақтаңдар
» («Тахрим»