Previous Page  153 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 192 Next Page
Page Background

153

Бала тәрбиесінің кезеңдері

Бала тәрбиесі бір-екі жылда бітетін оңай шаруа

емес. Екі дүниеде бақытты болатын, әрі ел-жұрты мен

ата-анасына пайдалы азаматты жетілдіру ұзақ жылдық

еңбекті талап етеді. Сондықтан тәрбие жұмысын

кезеңдерге бөліп қараудың мәні зор. Педагогика

ғылымымен арнайы айналысып жүрген мамандар не-

месе осы саланың ізденушілері мен зерттеушілері бол-

маса, көп ата-ана бүгінде тәрбие кезеңдеріне жеткілікті

мән беріп жүрген жоқ секілді. Тәрбие саласының ма-

мандары бұл жұмысты әр қилы кезеңдестіреді. Мыса-

лы, Абдуллаһ ибн Сайид әл-Фалих «Балалар тәрбиесі»

деген еңбегінде тәрбие ісін үш кезеңге бөледі:

Баланың ата-анасы үйленбей тұрған кезден 7 жасқа

дейінгі кезең;

7 жастан 14 жасқа дейінгі кезең;

14 жастан 21 жасқа дейінгі кезең.

Бұл кезеңдердің әрқайсысында көңіл бөлінетін

мәселелер бар. Мысалы, алғашқы кезеңде балаларға

ізгі ана таңдау, өмірлік жарына қосылар кезде Алланың

есімін еске алу, баланың өмір сүретін ортасына,

көршілеріне мән беру, жүкті әйелдің, яғни болашақ

ананың сөздеріне, істеріне, күнделікті әдет-дағдыларына

көңіл бөлуы, туылған баланың таңдайына құрма шайнап

салу, құлағына азан шақырып ат қою, балаға мағынасы

бар, жақсы ат қою, оған арнап ақиқа құрбандығын шалу,

баланың иманды, білімді, ақылды болып өсуін тілеп

дұға ету, т.б көптеген міндеттер атқарылуға тиіс.