Previous Page  154 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 154 / 192 Next Page
Page Background

154

Жанұя жарасымы

Екінші кезең баланың жеті жасқа толған шағынан

басталады. Бұл – жас баланың ақылы кіріп, айналасын-

да болып жатқан істерге мән бере бастайтын, көрген,

білген, естіген нәрсесін қағып алып, есіне сақтайтын ең

бір алғыр уақыты. Ұл-қыздарымызға әдеп негіздерін,

көркем мінез бастауларын үйретуді осы кезеңнен

кешіктірмеген жөн.

Осы кезде балаға бірте-бірте Жаратушы иеміз

туралы, сүйікті Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.)

жайлы түсіндіре бастаудың, қалыптасып жатқан жас

шыбықтай баланы намаз, ораза секілді құлшылықтарға

бейімдеудің, оған мұсылманның кәлимасын, Құранның

қысқа сүрелерін жаттатудың да берері мол. Осы шақта

балаға жақсы мектеп, жақсы ұстаз таңдаудың да бала

тәрбиесіне әсері үлкен. Сондай-ақ перзентіміздің

кімдермен дос болып жүргенін, қандай ойын ойнап

жүргенін, теледидардан немесе компьютерден не

үйреніп жүргенін бақылау да осы кезеңнің еншісіне жа-

тады. Бала-шағамызды өтірік, өсек, мақтаншақтықтан,

ысырапшылдықтан, өзге де жексұрын мінездерден

сақтау да осы уақытта ескеріледі.

Үшінші кезең баланың он төрт жасқа толуымен

басталады. Бұл, әрине, перзентіміздің балиғат жа-

сына толатын кезеңі. Осы кезде оларды мінез-құлқы

қалыптасып, түрлі психологиялық-физиологиялық

өзгерістерге ұшырап, ұл бала өзінің еркек екенін, ал

қыз бала өзінің әйел заты екенін саналы түрде сезіне

бастайды. Балалар ешкімге, тіпті өз ата-анасына тәуелді

болғысы келмей, өзінше жеке шешімдер қабылдауға

тырысады. Бұл кезде баламен достай сырласудың,

оның ой-пікірлерімен санасудың, оның көзқарасын

құрметтеудің пайдасы мол. Бұл кезеңде, әсіресе, қыз