159
Бала үшін жақсы орта, жақсы көрші
таңдау
Бала тәрбиесінің алғашқы кезеңінде ескерілуге тиіс
мәселелердің бірі – бала үшін жақсы орта мен жақсы
көрші таңдау. Байқап қарасаңыз, ешбір ата-ана бала-
сын жаман болсын демейді. Олардың әдепті, көркем
мінезді, тілалғыш, білімді болып өскенін қалайды. Бірақ
көбінесе балалары өздері ойлағандай болып шықпай
жатады. Бір күні баласының әдепсіз сөзін естіп қалады.
Екінші күні өтірік айтқанына куә болады. Тағы бір
күні ата-анасына сөз қайтарады. Өз перзентінің осын-
дай жаман әдеттері күн сайын көбейгенін ешбір ата-
ана күтпесе керек. Сонда осының бәрі қайдан шығып
отыр? Сонда баламыздың тәрбиесімен айналысып
отырған бізден бөлек тағы кім бар? Міне, бұл ойлануға
тұратын сұрақ. Иә, перзенттерімізді жалғыз өзіміз ғана
тәрбиелемейміз. Бала тәбиесіне бізбен қатар араласа-
тындар көп. Теледидардың, мектептің, дос-жаранның
тәрбиеге қатысы жоқ десек қателесеміз. Сондай тәрбие
көздерінің бірі – көше мен аула.
Адам баласының жетіліп, қалыптасуына қоршаған
ортаның әсері елеулі. Сондықтан жетелі ұрпақ жетілдіру
ісінде баланың өсетін жері мен көршілеріне көңіл
бөлінуі тиіс. «Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол,
қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол» деген аталы
сөздің де бір мәні осында болса керек. Бұл жағынан
алғанда, бала үшін жақсы ана таңдаудың маңызы қандай
болса, дұрыс көрші мен мұсылмандық өмірге игі әсері
болатын жақсы мекен таңдаудың мәні де одан кем емес.