156
Балаға жақсы ана таңдау
Бүгінгі уағызда осы міндеттердің біріншісіне, яғни
балаға жөні дұрыс, ары таза, ибалы, иманды ана таңдау
мәселесіне тоқталамыз.
Бүгінде отау құрып, шаңырақ көтерем дейтін жастар
көбінесе, алатын жарының сыртқы келбетіне, шыққан
жеріне, тегіне, байлығына, пысықтығына қарайды.
Бұл, әрине, дұрыс. Алайда Ислам тәлімі бойынша, бұл
аталғандар өмірлік серік таңдаудың шарттарын түгел
қамти алмайды. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір
хадисінде дініне берік, құдайшыл жар таңдауды өсиет
еткен. Бұл – мәселенің бір жағы. Екінші жағынан
алғанда, ер кісілер жұбай таңдағанда, оның күні ертең
бала-шағасына қандай ана болатынын ескеруі керек.
Өйткені перзенттеріміздің бұл дүниедегі ең алғашқы
ұстазы да, тәлімгері де олардың анасы.
Бұл тұрғыдан келгенде, егін егетін кісі үшін дән
көметін құнарлы топырақ табу қаншалықты маңызды
болса, мұсылман өмірінде жақсы жар таңдаудың
мәні сондай. Құранда мынадай аят бар: «
Топырағы
құнарлы, жақсы бір жұрттың өсімдігі Раббысының
әмірімен көгеріп, жақсы өседі. Ал нашар, жерде
тым аз және пайдасыз өсімдіктер шығады. Шүкір
еткен қауымдар үшін аяттарымызды, міне осылай
әр қырынан сала-сала етіп баян етеміз
» («Ағраф»
сүресі, 58-аят).
Бұл аятты кейбір ғалымдар жар таңдауға да қатысы
бар деп түсіндіреді. Ендеше, өмірлік серік таңдағанда,
олардың сұлулығы мен тартымдылығын немесе