162
Мұсылмандық тәрбиеге күш салу –
міндетіміз
Біз, мұсылмандар, тәрбиеге, білімге, өзімізді от-
басымызды, бала-шағамызды жетілдіруге ерекше
мән беретін қауымбыз. Бұл орайда айтылатын нәрсе
тәрбие беру маңызды, бірақ қандай тәрбие беретініміз
одан да маңызды. «Перзенттеріміз қай жерден болса
да, тәрбие ала береді ғой. Бала бақшадан алар, мектеп-
тен алар, онда болмаса университеттен алар. Біз тек
киімі мен тамағын тауып берсек болғаны» деп тәрбие
ісіне бейғам қарауға болмайды. Баламыз не үйреніп
жатқанын, қай жерден не үйреніп жүргенін, қандай адам
болып қалыптасып жатқанын бес саусағымыздай білуге
тиіспіз. Өйткені бізге кез келген емес, өзіміздің жара-
тылыс табиғатымызға сай ислами тәрбие керек. Пай-
далы тәрбие баланың екі дүниесін түп-түгел қамтуға
тиіс. Ал кез келген тәрбие осы талапқа жауап бере
ала ма? Әрине, жоқ. Ал бауыр еті баламызға берген
тәрбиеміз оның ақыреттік мәңгілік өмірін балта шапса,
ол тәрбие толыққанды тәрбие бола алмайды. Баламыз-
ды ақылды етіп, бай етіп, атақты етіп өсіруіміз мүмкін.
Бірақ ол мұсылмандықтан мақұрым болса, түбінде
бақытсыздық тартады. Алла осыдан сақтасын. Ол аз-
дай дұрыс жетілмеген ұл-қыз бұл дүниеде де, ақиретте
де ата-анасына жау болып шығады. Ол ертең Алланың
құзырына барғанда: «Уа, Раббым, мені ата-анам сенің
разылығыңды табатындай етіп өсірген жоқ. Кінә менен
емес, солардан» деп шағым жасайды. Құранда мына-
дай аят бар: «
Сол күні адам өз бауырынан, анасы