Previous Page  164 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 164 / 192 Next Page
Page Background

164

Жанұя жарасымы

ырыс-құт қашып отыр. Енді не істеу керек? Біздіңше,

мейірім, ықылас, адалдық, тазалық, шүкіршілік, қанағат,

ар-намыс, ұят, Құдайдан қорқу, ақыреттен үміт ету

секілді асыл дініміздің жауһар құндылықтары туралы

кітаптар мен дискілер шығарып, оларды мол таралыммен

халық арасына барынша кеңінен таратсақ, көп кешікпей,

еліміздің барлық саласында өрлеу мен даму болады.

Ата-бабамыз сан ғасырдан бері бірлік-ынтымақпен

тату-тәтті өмір сүруінің бір себебі олардың осындай

ислами тәрбиеге ерекше назар аударғанынан.

Жинақтай келе айтарымыз, бала тәрбиесіне қатысты

Ислами кітаптарды көбірек ізденуміз керек. Баланың

ақыл-ойын ислами ұғымдармен сусындатуымыз қажет.

Жақсылық пен жамандықты, адал мен арамды, ақиқат

пен жалғанды ажырата білуге баулығанымыз жөн. Алла

тағала имани тәрбие беруді нәсіп етсін.