147
Бала-шаға, немерелер – Алланың
нығметі
Алла тағала қасиетті Құранның бір аятында бы-
лай дейді: «
Дүние-мүлік пен бала-шаға – дүние
тіршілігінің сәні
» («Кәһф» сүресі, 46-аят). Тағы бір
аятта былай делінген:
«Алла сендерге өздеріңнен,
яғни адам санатынан жұбайлар жаратты. Ал
жұбайларыңнан сендерге балалар мен немерелер
берді. Сендерді таза, ұнамды ризықтармен асырады.
Осылай бола тұра, олар Алланың осыншама мол
нығметтерін жоққа шығара ма?»
(«Нахыл» сүресі,
72-аят). Байқасаңыз, соңғы аятта балалар мен немерелер
«нығметке» баланған.
Ал ардақты Пайғамбарымыз ізгі ұрпақтың күні
ертең ата-анасы қайтыс болған соң, артынан дұға тілеп
тұруына мүмкіндік бар екенін сүйіншілеп жеткізген.
Ата-анасы өмірден озғанда, артында Құран оқып, дұға
жасайтын, олардың дүниеде жасаған күнәлары үшін
Алладан кешірім тілейтін ізгі ұрпағы қалғаны қандай
жақсы. Міне, бұл нығмет емей не? Сүйікті Мұхаммед
пайғамбарымыздың мынадай бір хадисі бар: «
Жұмақ
жұртында бір кісінің дәрежесі көтерілген үстіне
көтеріліп жатады. Сонда ол: «Бұл қайдан болып жа-
тыр?» деп (таң қала) сұрайды. Сонда оған: «Балаңның
сен үшін кешірім тілеуінен» деп жауап беріледі
».
Көрдіңіз бе, баланың кешірім тілеуі қандай маңызды.
Мұндай жақсылықты бала-шағамыздан өзге ешкімнен
күте алмаймыз. Біз мәңгілікке қайтқанда, жақынымыз