143
Бала болашағымыз
өзіне кесір жасаушылардан болдым» деп үш сөзбен
ғана дұға етті. Өзге пайғамбарлардың да әлгіндей
жағдайлардағы дұғалары осымен мазмұндас. Міне, бұл
пайғамбарлардың қиыншылыққа деген төзімділіктері
болатын. Ендеше, біздің басымызға да бір қасірет төне
қалса, бірден тағдырға налып, Аллаға тіл тигізбей, кінәні
өзімізден іздеп, олардың астарына үңіліп, мұсылманға
тән әдептілік танытқанымыз жөн. Әрбір көрген қайғы-
қасіретті өз қателігімізбен байланыстырып қарау
тағдырға налудан сақтайтын бірден бір жол. Сондықтан
өзімізді де, перзенттерімізді де осылайша төзімділікке
баулу бүгінгі күннің басты қажеттіліктерінен деп санай-
мыз. Сонда жеке адамның да, қоғамның да өмірі мәнді,
келешегі жарқын болары сөзсіз.