Previous Page  142 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 142 / 192 Next Page
Page Background

142

Жанұя жарасымы

төгуге тырысуы көп бәледен құтылудың да бір жолы.

Даналықтың сыры терең ойлануда, ал дұрыс ой адам

үндемеген кезде пісіп жетіледі. Міне, осы тұстан

қорытынды шығарар болсақ, адам бәле-жала, қайғы-

қасіретке тап болғанда, бірден қолға алатын нәрсесі –

аузынан сөз шығармауға тырысу, сол қиыншылықтарға

жазылған тағдыр хикметтерін ойлану және одан

тиісінше қорытынды шығару болуы тиіс. Міне осы

мінез қалыптасса, адам еш уақытта мойымайды, қандай

қиыншылық көрсе де, өзіне өзі қол жұмсамайды.

Иә, қарап отырсаңыз, әр адам әр сәт сайын қиын

жағдайлармен бетпе-бет келіп жатады. Бірақ олардың

ешқайсысы текке кетпейді. Иманды жанның бұл

дүниедегі тартқан азаптары мен көрген қайғы-мұңдары

арғы өмірде мәңгілік бақытқа айырбасталатыны хадис-

терде білдірілген. Ендеше, адам баласының бұл өмірде

белгілі бір мөлшерде қасірет тартуы заңды құбылыс.

Оған иман тұрғысынан қарауымыз керек. Өйткені Алла

тағала жай адамға ғана емес, барша пайғамбарларға да

небір адам төзгісіз сынақтар берді. Мәселен, Ибраһим

пайғамбардың отқа тасталуы, Әйюб пайғамбардың үсті-

басын жара қаптап, құрттарға жем болуы, Юсуф (а.с.)

пайғамбардың зынданға тасталып, абақтыға жабылуы,

соңғы елші Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жо-

лына тікен шашылып, мүбәрак басына түйенің жемтігі

көмкерілуі т.б. қиындықтар сөзге жеңіл болғанмен,

көтергенге тым ауыр сынақтар еді. Алайда бір де бір

пайғамбар мұндай жағдайларда Алла тағалаға бұлардан

құтқара гөр демеген. Керісінше, бар кінәні өздерінен

іздеп, Алладан кешірім тіледі. Мәселен, хазіреті

Юнус кемеден теңізге тасталғанда, Алла тағалаға

«Сенен өзге Тәңір жоқ, Сен Ұлықсың, ал мен болсам,