137
Бала болашағымыз
салу жеткіліксіз. Өйткені бала оны біздің көзімізше
көрмегенмен, оңаша жерде одан бас тартпауы әбден
мүмкін. Олай болса, ұл-қызымызға көзімізді ұятсыз,
бейәдеп дүниелерге салуға болмайтындығын, Алла
тағаланың оған тыйым салғандығын түсіндірудің
маңызы зор. Тек көз ғана емес дене мүшелеріміздің
ешбірін харамға жолатпай, олардың әрқайсысы Жа-
ратушы иемізді танып-білу үшін берілген аса құнды
нығметтер екендігін ұқтыруымыз қажет. Міне, бала-
мыз осыны шынайы ұққанда ғана пайдасынан зияны
көп, адамда хайуандық сезімдерді оятатын опасыз,
озбыр фильмдерді еш уақытта көрмейтін болады. Осы
секілді ата-ана баласының өзге де кез келген қателігін
шариғатымыздың көмегімен түп тамырымен жойып от-
ырса, баласының әдепті болып өсіп жатқандығын өзі-ақ
байқайды. Жалпы, алдымызда мал-дүние де, бала-шаға
да пайда бермейтін, тек таза жүрекпен келгендер ғана
ұтатын бір күн күтіп тұрғандығын бала жақсы сезінуі
тиіс. Олай болса, баламызға жүректі пәк, көңілді ояу,
жан мен тәнді таза ұстауды шұғыл үйретуіміз керек.
Балаға жастайынан үйретілуі тиіс тағы бір қасиет
– өзгенін сырын сақтау қасиеті. Пайғамбарымыз жас
балаларды осы қасиетке де көп баулыған. Абдулла ибн
Жағфардың мына бір естелігі соның дәлелі: «Алланың
елшісі (с.ғ.с.) мені күні бойы (көлігіне) мінгестіріп алып
жүрді. Сол кезде маған бір сыр айтты. Оны мен ешкімге
айтқан емеспін». Иә, сыр сақтамай, бірдің сөзін екіншіге
жеткізіп барудан бүгінгі қоғамда көптеген ұрыс-керіс,
дау-жанжалдар туындауда.
Негізінде, баланың сырға берік болуы өзіне
сенімділігі мен батылдығын арттыратыны даусыз.