128
Жанұя жарасымы
балам» деді. Сол сәтте бала тілін кәлимаға келтіріп,
мұсылман болды. Пайғамбарымыз сол жерден шығып
бара жатып: «Менің себепкерлігіммен баланы тозақ
отынан құтқарған Аллаға мадақ, мақтаулар болсын»
деді.
Иә, ардақты пайғамбарымызМұхаммедМұстафаның
(с.ғ.с.) өз үмбетіне, әсіресе жас балаларға деген
мейірім- шапағатын түгел жазып шығуға қаламның
сиясы, кітаптың парағы жетпесі анық. Сондықтан
сүйікті Пайғамбарымызға Алланың жаратқан
жаратылыстарының санындай сәлем айтып, салауат
жолдаймыз.