124
Жанұя жарасымы
өсуіне қажетті факторлар. Олай болса, балаларымызды
көшелерде мақсатсыз, бағытсыз, әйтеуір уақыт өткізу
үшін бос селтеңдеуін осы спорт түрлеріне баулумен
ауыстырған жөн. Ал енді садақ ату пайғамбарымыздың
кезінде дұшпаннан қорғанудың бір жолы болған. Бүгінгі
заманға сай дұшпаннан қорғанудың кейбір түрлерін
жігіт адамның білгені артық болмас деген сөз.
Бұлар ұл баланың денесін шынықтырады,
батырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке жаттықтырады.
Мұндай тәрбиемен өскен баланың бойында жастайы-
нан ер жігітке тән мінез қалыптасады. Ал қыз баланы
үй шаруасына, балаға қарауға үйрету мақсатымен осы
тектес ойындарға тарту қажет.
Аталмыш хадисте баланы тек қана халал, таза,
жақсы тағаммен асырау мәселесі ерекше аталған.
Олай болса, баланың ішіп-жемін Алланың рұқсат бер-
ген адал азықтарымен қамтамасыз ету әкенің басты
міндеттерінің бірі. Бұл біріншіден, Алланың алдын-
да сұралатын міндет болса, екіншіден, адамның әрбір
ішіп-жегені оның мінезіне, жүріп тұруына, жалпы өмір
тіршілігіне тікелей әсер ететінін ата-ана анық білуі ке-
рек. Дүкеннен азық-түлік сатып аларда ең алдымен оның
адалдығы мен тазалығына және оған адам ағзасына
зиянды элементтердің қосылмағандығына баса назар
аударуымыз қажет.
Иә, перзенттеріміздің жақсылығы да, жамандығы да
бізге қайтатынын естен шығармауымыз керек. Атақты
имам Зейнел Абидин бір күні әрбір ата-ана жөнінен
сұралатынын айтқан. Өзі де балалары жайлы:
اللهم اعني على تربيتهم وتاديبهم وبرهم واجعل ذلك
خيرا لي ولهم