Previous Page  120 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 192 Next Page
Page Background

120

Бала мінезін тәрбиелеу

Кез келген ата-ана өз баласын жақсы болса екен

дейді. Бірақ сол баланы жақсы етудің жолдары-

на мән беріле бермейтін жағдайлар бар. Сондықтан

мұсылмандық тұрғыдан балаларды қалай тәрбиелеу

қажеттілігі жайында да бір-екі ой бөліспекпіз.

Жалпы, екі-үш жасқа келген бала кез келген

дағдыға тез үйренетіні туралы ғалымдардың айқын

пікір бар. Олай болса, бала тәрбиесі Исламдағы негізгі

мінез-құлықтарға үйретуді осы екі-үш жастан кеш

қалдырмай бастаған жөн. Алдымен қандай мінез-

құлықтарды қалай үйрету керектігі жайына тоқтамай

тұрып, Исламдағы мінез-құлықтың орны жайлы айта

кетейік. Исламда мінез-құлықтың орны зор. Ислам

дініндегі бүкіл ұстанымдар мен өмірлік қағидалар осы

мінез-құлықта жатыр. Өте маңызды мәселе мінездің

еш уақытта өзгермейтіндігі, тұрақтылығы, яғни белгілі

бір уақытқа, жағдайға байланысты мінез-құлық өзгеріп

отырмайды. Мінез жағдай өзгерген сайын құбылып

отыратын байлықтың бір түріне немесе қажет кезде

киіп, қажет болмаса шешіп тастайтын киім түрлеріне

ұқсамайды. Ғалымдар мінез-құлықты ғарышта үнемі

өзгермей тұратын жұлдыздар сияқты тұрақты болады

дейді. Бұл мәселені қозғап отырған себебіміз, кейде

адамдар арасында «Пайғамбар заманындағы жақсы

мінез-құлықтарды ХХІ ғасырда қайдан табамыз. Мы-

салы, ол кезде ұят деген сезім өте жоғары бағаланған

болса, қазіргі кезде оның орны тым әлсіз, өте төмендеп

кеткен. Ол кезде өтірік айту мүлдем болса, қазіргі таңда