122
Жанұя жарасымы
Ондай жерде білім де болады. Ондай балаларда оқуға
деген ынта-жігер де көбірек болады.
Ұйқыға жатар кезде де балаға Алладан дұға тілеуді
үйреткен жөн. Ардақты пайғамбарымыздың ең көп ай-
татын сөздерінің бірі «үмбетім, үмбетім» болғанын
білеміз. Сол сияқты әр мұсылман бала бүкіл елге, жер-
ге, мұсылман үмбетіне жақсылық тілеп жатуды әдетіне
айналдырғаны дұрыс. Өз жағдайлары, отбасы, ата-анасы
үшін де көп дұға тілегені абзал.
Осы мейірімділік секілді бала бойында жомарттық,
кеңпейілділік, қарапайымдылық, кішіпейілділік,
ұқыптылық, тазалық сияқты құндылықтарды да
үйретудің тетіктерін ата-ана ойластыруы керек. Мы-
салы, баланы ертіп жүріп, кембағал жандарға жәрдем
берудің үлгісін көрсетуге болады.
Еліміздің әрбір отбасында осындай тәрбие
үдерістері жүріп жатса, онда көп кешікпей экономика
да, әлеуметтік сала да, өнер де, білім де қарқынды даму
жолына түсері хақ.
Жинақтай келе айтарымыз, бұлардың бәрі бүкіл
елдік деңгейде қолға алынуға тиіс дүниелер. Алла тағала
ұлдарымызды ынталы, қыздарымызды ибалы етсін.