![Show Menu](styles/mobile-menu.png)
![Page Background](./../common/page-substrates/page0118.png)
118
Жанұя жарасымы
Ысқақ секілді пайғамбарлардың есімін қою да дәстүрге
айналған.
Адам есімін таңдаудың астарында жақсы тілек жа-
тады. Мәселен, Мұхаммед деген есім мазмұны білдіріп
тұрғандай, бала мақтаулы болсын немесе Мұхаммед
пайғамбардың шынайы үмметі болсын деген сынды
ізгі ниет, тілектер жатыр деп саналады. Халқымыз ат
қойғанда «Атына заты сай болсын» деп жататыны осы-
дан болса керек.
Балаға ат қоярда баланың құлағына азан шақыру өз
алдына үлкен бір тәрбие. Құранда былай делінген:
وَاللّـهُ أَخْرَجَكُم مِّن بُطُونِ أُمّهَاتِكُمْ لَ تَعْلَمُونَ شَيْئًا وَجَعَلَ
لَكُمُ السّمْعَ وَاألَْبْصَارَ وَاألَْفْئِدَةَ ۙ لَعَلّكُمْ تَشْكُرُونَ ﴿٨٧﴾
«Алла сендерді аналарыңның ішінен еш нәрсені
білмейтін күйде шығарды. Сонда сендерге құлақ, көз
және жүрек берді, шүкірлік етерсіңдер».
Демек, біздің шүкір етуіміз үшін берілген
мүшелердің бірі – құлақ. Сол құлақтардың бұл дүниеде
алғашқы еститін сөзі Алла тағаланың есімі болуы тиіс.
Қазақ халқы осы дәстүрді сан ғасырдан бері орындап,
жас нәрестенің құлағына азан айтып, ат қойып келеді.
Мұсылман ата-ананың дүниеге келген баланың ша-
шын алатыны, ұлды сүндетке отырғызатыны, оларға ар-
нап ақиқа құрбандығын шалуы да дінімізде орны ерек-
ше міндеттер. Пайғамбарымыз бұл туралы:
«Әрбір сәби
ақиқасымен тұсауланған. Жетінші күні оның атынан
ақиқа құрбаны шалынып, шашы алынады және аты
қойылады» –
деген.
Бұлардан өзге аса көп көңіл бөлінуі тиіс мәселе бала-
ны емізу мәселесі. Баланы емізудің өзі тәрбие екендігін