Previous Page  113 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 192 Next Page
Page Background

113

Бала болашағымыз

сүннетте айтылған. Мысалы, бір хадисінде Алла елшісі

(с.ғ.с.): «Жеңдер, тамақтаныңдар, бірақ сүйектерін

сындырмаңдар» деген. Ғалымдар бұл сүннеттің аста-

рында туылған баланың аяқ-қолы бүтін болсын, дені

сау болсын, он екі мүшесі түгел болсын деген тілек

жатқанын білдірген. Құрбанға жарайтын мал ақиқаға

да жарайды.

Жинақтай келгенде, ақиқа шалу арқылы сәбидің

Аллаға жақын болуы үміт етіледі. Тұсауы кесіліп,

қияметте ата-анасына шапағатшы болады. Шариғаттың

адал жолымен қуанышын көпшілікпен бөліседі.

Ақиқаның бұлардан басқа да біз білетін немесе

білмейтін пайдалары мен хикметтері мол. Сондықтан

елімізде бала саны көп болсын, ақиқа құрбаны шалы-

на берсін. Алла баршамыздың ниет-ықыластарымызды

қабыл етсін!