Previous Page  111 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 111 / 192 Next Page
Page Background

111

Ақиқа құрбандығын шалу

Көптеген ата-аналарды жаңа туылған нәресте үшін

ақиқа құрбандығын қалай шаламыз деген сұрақ маза-

лайды. Ақиқа құрбаны не үшін шалынады, оның балаға

қандай пайдасы бар, әр мұсылман баласына ақиқа

шалуға міндетті ме, ата-ана өздері шалған ақиқаның

етін жеуіне бола ма, бұл құрбандықтың белгілі бір

уақыт-мерзімі бар ма деген сауалдар да жиі сұралады.

Сондықтан осы жөнінде аз-кем әңгіме өрбітпекпіз.

Ақиқа құрбандығы перзент берген Аллаға

шүкіршіліктің бір белгісі. Айша анамыз былай деген:

Алла елшісі (с.ғ.с.) бізге «

Әрбір ер бала үшін екі, ал

қыз бала үшін бір малды құрбандық етуді бұйырды

».

Кейбір деректерде «Ер бала үшін бір-біріне шамалас

екі қой шалынсын. Шалынған малдың еркек немесе

ұрғашы болуы маңызды емес» деп те келген.

Ақиқаның етін ата-ананың өздері жей алады.

Қонақтарға, дос-жаранға пісіріп берсе де, толықтай

садақа етіп беріп жіберсе де болады. Жалпы, араб тілінде

«ақиқа» деп дүниеге келген сәбидің шашын айтады.

Пайғамбарымыздың сүннеті бойынша ақиқа шалынған

күні жаңа туылған нәрестенің сол алғашқы шашы да

алынады. Содан соң шамасы келгендер сол шаштың

салмағындай, қазіргі өлшеммен айтқанда, бір-екі грамм

күмісті садақа етеді. Бұл құрбандықтың «ақиқа» деп

аталуы сондықтан. Ал шариғат тілінде «ақиқа» дегенде,

Алла разылығын мақсат етіп, жаңа туылған сәби үшін

арнайы құрбандық шалуды айтады.