108
Азан шақырып ат қою
Ислам дініндегі ерекше маңызды істердің бірі –
жаңа туылған балаға азан шақырып ат қою. Баланың
құлағына азан шақырудың мәні жайлы көп айтылып,
жазылып жүр. Сондықтан бүгін балаға жақсы ат таңдау
жайлы әңгіме қозғаймыз.
Нәресте дүниеге келгенде, ата-ананың оған жасай-
тын ең алғашқы сыйы, жақсылығы – жақсы ат қою.
Бірақ кейде балаларына «Саммит», «Азиада» деген
секілді ағымдағы оқиғалардың атын қоятындар не-
месе шетелдік сериалдардың кейіпкерлерін есім етіп
берушілер кездеседі. Олар мұсылмандықтың кейбір
ақиқаттарына тиісті мән бермегендер болса керек.
Сүйікті пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Негізінде,
сендер Қиямет күні өз аттарыңмен және әкелеріңнің аты-
мен шақырыласыңдар. Сондықтан есімдеріңді дұрыстап
қойыңдар» деген. Олай болса, ата-ана ертең Қияметте
баламыз қалай шақырылады дегенге көңіл бөлгені жөн.
Ол жақта шақырылудың өзіне көп нәрсе байланысты
болады. Бұл дүниеде кездейсоқ бір аттарды қоя салып,
соның қасіретін Қияметте шеккеннен Алла сақтасын.
Ал қандай ат қойған дұрыс дегенде, Алла елшісі (с.ғ.с.):
«Пайғамбарлардың аттарын қойыңдар, ал Аллаға ең
сүйкімді есімдер Абдуллаһ және Абдурахман» деген.
Осыны естігені сол екен саңлақ сахабалар осы есімдерді
жарыса қоя бастады. Тіпті Ибн ас-Силахтың айтуынша,
аз уақыттың ішінде 220-ға жуық сахаба балаларына «Аб-
дулла» деген есім беріпті. әл-Ирақидың дерегінде 300
ұл балаға осы есім берілді деп көрсетілген. Балаға есім