105
Бала болашағымыз
Ана құрсағындағы тәрбие
Адам баласының өмірі жатырға түскен сәтінен бас-
талады. Болашақ ұрпағымыз ана құрсағында жатып да-
миды, өседі, адам бейнесіне келеді. Сәбидің жатырдағы
өмірі де Ислам ілім-білімінің назарынан тыс қалмаған.
Құран кәрімде де, хадистерде де адам баласының
эмбриологиялық даму кезеңдері өте дәлдікпен сурет-
телген.
«Мүминун» сүресінің 12-14 аяттарында былай
делінген:
«
Шындығында,
біз адам баласын нағыз
сүзілген балшықтан жараттық. Сосын оны бір
тамшы күйде сенімді, мықты бір жерге (жатырға)
орналастырдық. Сосын ол тамшыны ұрықтық қою
қанға, содан соң оны мудғаға (бір кесек етке), сосын
ол кесек етті сүйектерге айналдырып, сүйектерді
етпен қаптадық, Содан соң оны басқа бір жараты-
лыс еттік. Алла – ең керемет Жаратушы
» –
деп ба-
яндалады.
Мұсылман ата-ана нәрсетесінің жаратылуы жөнінде
анық біліп, толық сенуі керек нәрсе осы. Демек, бала ана
құрсағында жатқан кездің өзінде үлкен үрдерістер өтіп
жатады. Бұл кезеңдегі ананың әрбір әрекеті баланың
жетілуіне, қалыптасуына әсер етеді.
Ғалымдардың білдіруінше, жүктіліктің 28-
аптасынан бастап іштегі баланың қабылдау қабілеті
артып, тіпті анасы жеген тәттіні сезіп, қуанады екен.
Қазақ халқы да келіннің жүктілігі кезінде ауыр зат
көтергізбеу, оның көңіліне тиетін сөз айтпау секілді
мәселерді сан ғасырдан бері ұстанып келеді. Бұл,