102
Жанұя жарасымы
Бұл ерлі-зайыптылардың әрбір әрекеті, әрбір сөзі
болашақ баланың тәрбиесіне әсер етеді деген сөз.
Бұл бір. Екіншіден, болашақ ата-ананың әрбір ішкен-
жегенінің адал болуының пайда болатын бала өміріне
әсері бар.
Күллі жан-жануардың өзі ұрпақ қамына кірісерде
судың тұнығын ішіп, шөптің асылынжеуге тырысатынын
ғалымдар бүгінде зерттеп үлгерген. Ал енді ең көркем
үлгіде жаратылған адам баласы өмірін жалғастырар
ұрпағының келешегі үшін шариғатымыз бұйырған адал
асты ішіп-жеуі керектігі сөзсіз. Осы бір мәселені ерекше
айта кеткім келеді.
Ал енді кейбір тойларда арақ-шарап судай ішіліп,
екі жасқа да ұсынылып жатады. Бұл уланған ұрпақтың
дүниеге келуіне себеп. Бұл біздің өз болашағымызға өз
қолымызбен балта шабуымыз.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде ішке
түскен бір түйір харам азықтың қырық күн бойы адам
денесінен кетпей қанында айналып жүретіні сөз болған.
Бұл, шариғатымыз харам еткен азық адам ұрығына да
әсер етеді деген сөз. Ал тек адал аспен қоректенетін
ата-аналардың перзенті де таза болары анық. Шәкәрім
атамыздың: «
Құдай таза жаратты, сен таза бол
» дегені
де осыны аңғартады.
Үшінші бір маңызды нәрсе – Алла тағаладан ізгі
ұрпақ тілеп жалбарыну. Дінімізде Аллаға жалынып,
дұға етудің орны орасан. Өйткені дұға – мүминнің
қаруы, дiннiң тiрегi, аспан мен жердiң нұры. Құран
кәрімге қарап отырсақ, адамзат тарихында өткен
пайғамбарлардың көпшілігі Алла тағаладан жақсы
перзент сұрап дұға жасаған. Мысалы, Зәкәрия (а.с.):
«Раббым, маған пәк ұрпақ нәсіп ете гөр! Күмәнсіз,