Previous Page  97 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 97 / 192 Next Page
Page Background

97

Бала тәрбиесінің маңызы

Ислам ілімі шегі-қиыры жоқ теңіз ғой. Бізді

мазалаған кез келген мәселе бойынша жауаптарды

дінімізден табарымыз хақ. Исламда ірілі-ұсақты әрбір

сұрақ бүге-шүгесіне дейін қаралған. Онда, әсіресе,

бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінген. Сонау алғашқы

Адам (а.с.) жаратылғаннан бергі пайғамбарлар, әулие,

тақуа құлдар, әйгілі ғалымдар, ғұламалар – бәрі де

бала тәрбиесіне ерекше назар аударып келген. Мыса-

лы, Құран кәрімде Лұқман хәкімнің баласына айтқан

өсиеті келтірілген:

«يَا بُنَيّ أَقِمِ الصّلَةَ وَأْمُرْ بِالْمَعْرُوفِ وَانْهَ عَنِ الْمُنكَرِ

وَاصْبِرْ عَلَىٰ مَا أَصَابَكَ ۖ إِنّ ذَٰلِكَ مِنْ عَزْمِ األُْمُورِ»

«Әй, жан балам! Намазды толық орында.

Жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тый. Басыңа

түскен ауыршылыққа сабыр ет. Рас, бұлар маңызды

істерден»

(«Лұқман» сүресі, 17-аят).

Көз алдымызға елестетіп көрейікші, біздің жастары-

мыз күнделікті бес уақыт намаз оқып жүрсе, бір-бірін

жақсылық жасауға шақырса, жамандық көрсе, оны

тыйса және кезіккен қиыншылықтарға сабыр етсе, онда

қоғамымыз үлгілі қоғамға айналмас па еді?

Иә, елімізді шарықтатып дамытамыз десек, бала

тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз қажет. Бұл мәселеге

немқұрайлы қарауға болмайды. Атақты ақын-

жазушыларымыз, данышпан ғұламаларымыздың бала

тәрбиесіне қатысты айтқан аталы сөздері көп. Мысалы,