93
Бала тәрбиесіндегі кейбір олқылықтар
Ата-аналардан: «Ұл-қыздарыңызды қалай өсіріп
жатырсыздар?» деп сұрасақ, көбіне көп еститін жа-
уабымыз: «Тамағын тоқ, киімін көк етіп, ешкімге
жалтақтатпай өсіріп жатырмыз» болып шығады.
Қазіргі қоғамымызда балаға тәтті тамақ, шырын сусын
беріп, жылы үймен қамтамасыз ету оның алдындағы
қарыздарымыздан құтылғандай болып көрінетін секілді.
Алайда киімін, ішіп-жемін, баспанасын дұрыстауымыз
перзенттеріміздің сөздерін, қылықтарын, ұстанымдарын
және екі дүниеге деген ұстанымдарын өзгертіп жатқан
жоқ. Күндер өтіп жатыр, бірақ балаларымыз рухани
толықпай отыр.
Әкелер: «Мен бала-шағамды асырау үшін күндіз-
түні еңбек етіп жүрмін. Өзім қиналсам қиналайын,
баларым жақсы болсын деп жүрмін» дейді. Осылай
жүріп, балаларын тек қана ұйықтап жатқан кезде ғана
көретіндерін сол әкелер өздері айтады. Бірақ, өкінішке
қарай, олар осылай үй бетін тек түнде көріп жүргенде,
ұл-қыздарының қандай бағытта өсіп жатқандығынан
бейхабар қалып қойып жатады. Мысалы, мұсылман от-
басы болса, балаларының намазын толық оқып жүргенін
немесе өткізіп қойып жүргенін анық біле алмайды.
Айтатын сөздері рас-өтірік екенін тағы білмейді. Өзі
жоқта балаларының қандай кітап оқитынын, не үйреніп
жүргенін білмейді. Кімдермен дос болып жүргенінен
де хабарсыз. Ал, шындығында, нағыз тәрбие осы
сауалдардың маңында жатыр. Ата-ана ұл-қызының
ішкі рухани қоймасын немен толтырып жатқанын үтір-