94
Жанұя жарасымы
нүктесіне дейін жақсы білуі тиіс. Керек десеңіз, баланың
достарының кім екенін бақылаудың өзі артық емес.
Ал баланың анасы: «Мен бүгін балама ең дәмді
тағамды сатып әпердім, ең тәтті асты пісіріп бердім,
ішетін сусыны шырын болуын қадағаладым» дейді.
Осылайша ананың да күндік уақыты асханада өтеді.
Бала-шағасы мектептен, бала-бақшадан немесе
ойыннан келгенінде, олардың не істегенін тәптіштеп
сұрап отырмайды. Кейде балалар теледидардың алдын-
да бақылаусыз қалып жатады. Ондағы хабарлардың
баласының келешегіне, ішкі руханиятына пайдасы бар
ма, зияны бар ма, мінез-құлқына қандай әсері бар, көріп
жатқаны адал ма, басқа ма оған немқұрайлы қарай са-
лады. Әйтеуір бала-шаға ауыртпашылығынан өзін аман
сақтаса болғаны. Бірақ сол аналар өз балаларын осылай
қараусыз қалдыру арқылы өз қолдарымен қауіп-қатерге
тігіп жатқанын бүгінде біреу білсе, біреу білмейді.
Өйткені ана әкеге қарағанда көбірек үйде отырады
да, кешке күйеуі бала-шағасының жағдайын сұраса,
үндемей қоя салады немесе бір сылтауларды айтып,
тақырыпты өзгерте салады. Тіпті, кейде: «Құдайға
шүкір, бала-шағаң жақсы» деп те қояды. Міне, осы
дұрыс емес. Осы дүниедегі немір зұлмат қылмыстар
балаларды осылай қараусыз қалдырудың нәтижесінде
болып жатқанын білуіміз керек.
Баласының үйде немен айналысып отырғанын
білмейтін ата-ана олардың көшеде не істейтінін қайдан
білсін? Ұрлықпен, айналысып жүр ме, біреуді қан
қақсатып жылатып жүр ме, қыздары жеңіл жүріспен
жүкті болып, қолдан түсік жасатып жатыр ма, арақ ішіп
мас болып жүр ме – біреуінен де хабарсыз.