Previous Page  92 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 92 / 192 Next Page
Page Background

92

Жанұя жарасымы

баланың тек тәніне ғана емес, жанына, рухына да

төнетінін ескерсе екен дейміз.

Кейде көшелерден біреудің ұлы мен біреудің қызы

әдепсіз, ұятты қылықтар жасап жатқанын байқап

қаламыз. Біздің ұл-қызымыз да ертең бір жерде со-

лай жүрмесіне кепілдігіміз жоқ. Ендеше, баланы көз

алдымыздан таса жерге шығармас бұрын оларға

Исламның негізгі қағидаларын ұқтырып қойғанымыз

жөн. Мысалы, «

Жан балам, көшеде арақ-шарап,

сыра үшіп жүрген жастарды көрсең, оларға еріп

кетпе, Алла ондайларды жақсы көрмейді. Әдепсіз

қыздар қылымсыса, олардан бойыңды аулақ сал.

Зинақорларға ауыр азап дайын тұр. Соған душар боп

қап жүрме. Үлкенді көрсең, сыйлай жүр. Дініміздің

талабы сол. Айналаңа жақсылық нұрын төге жүр.

Ардақты пайғамбарымыздың сүннеті сол. Қолың

босаса, кітап оқы, ғылым ізден. Ғылым екі дүние

бақытына бастайды. Алла тағаланы бір сәтке де

ойыңнан шығарма. Ол бәрімізді көріп тұр

» деген

секілді кеңестерді бала бойына жастайынан сіңіруміз

керек.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) алтыннан асыл хадистерінің

бірінде былай деген: «

Бала бойына жастай сіңірілген

нәрсе, ол үлкейгенде ақылына ақыл қосады

». «Ұяда не

көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген мақалымыз соны

білдірсе керек. Олай болса, ұл-қызымызға ұядағы

кезінде үлгі болайық, құрметті ата-ана!