Previous Page  90 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 90 / 192 Next Page
Page Background

90

Жанұя жарасымы

жеткізген бізге обал жоқ» деп өзімізді-өзіміз жегідей

жеп, бармағымызды шайнар едік.

Бала ата-анасына сөз қайтарып, тілазарлық жа-

сап жатса, ол – бір ауру, дініне, тіліне, діліне жете

мән бермей, ат үсті қарап жатса, ол екінші бір ауру.

Сабақ оқу, ғылым іздеуді қойып, уақыттың бәрін тек

көңіл көтерумен ғана өткізіп жүрсе, ол да өзінше бір

дерт. Алла, Құран, пайғамбар, мешіт деген сөздерді

естігенде, кірпідей жиырылып жатса, онда мұны да

бір рухани кемшілік деп бағалаған дұрыс. Жалпылай

алғанда, бүгінгі қоғамда көз көріп, құлақ есітіп жүрген

көп проблеманың арғы жағында көбінесе жастардың

рухани жұтаңдығы жатқандығы анық.

Бір қиыны сол – рухани аурулар әзірше көзге

көрінбейді. Балалар да: «Әке, жанымыз ауырып барады,

жәрдем бере гөр», – деп жылайтындай, шағым жасай-

тындай күйде емес. Өйткені жан ауруы адамның ішіне

арыстандай ақырып, өзін білдіріп кірмейді. Жүрген ізін

білдірмейтін жыландай болып, байқатпай, дыбыссыз

келеді. Келеді де, адамның ең басты алтын сарайы –

жүрегінен келіп орын алады.

Бірақ жанның дерті күндердің бір күні сыртқа

шықпай қоймайды. Алайда ол кезде балаларымыздың

буындары қатып, бұғаналары бекіп, мінездері тастай

қалыптасып қалған кез болады. Түзетуге кеш болады.

Қазір біз баламызды тек өсіріп отырмыз. Жетілдіріп

отырған жоқпыз. Жетілдіру деп жан мен тәнді қатар да-

мытуды айтады. Әйтеуір, ұл-қызымызды заңгер етсек,

экономист, кеденші етсек деп жүріп, олардың рухания-

тын ұмыт қалдырамыз. Абайша айтқанда,

Балам закон білді деп

Қуанар ата-анасы.