91
Бала болашағымыз
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы, – дегеннің кебін көріп
жүрміз.
Олай болса, құрметті ата-аналар! Ұл-қызымыздың
жүрегін Жаратушы иеміздің талаптары бойынша Исла-
ми қорғандармен, рухани қамалдармен қорғап бағуға
тиіспіз.
Есте ұстау керек, балалық кезең адам өміріндегі
ең маңызды кезең. Адамның рухани тұлғасының
қалыптасуы осы балалық шақтан басталады. Адамның
жақсы болуы да, жаман болуы да, ауру болуы да, сау
болуы да осы кезеңге тікелей қатысты. Перзенттеріміз
ер жетіп, бой жеткен соң, олардың бойынан бізге
ұнамайтын әрекет-қылықтар мен көріксіз мінездер
байқап жатсақ, онда олардың бала кезіндегі табиғатын
дұрыс қадағаламағанымыз деп ұққан дұрыс.
Рухани аурулардың барлығы да адамның жас кезінде
қалыптасады. Өтірік те, өсек те, ұрлық та, ұшқарылық
та – бәрі де осы кезеңде бала жүрегіне егілген рухани
тікен-жантақтардың жемісі саналады.
Әрине, барлық баланың тәрбиесі қисық немесе
бұзық деуден де аулақпыз. Ата-анасының аузынан
бір ауыз дөрекі сөз немесе өсек пен өтірік естімей,
жарқырап өскен шамшырақ балаларға қызығудан артық
сөзіміз жоқ. Кешегі Абай, Ахмет, Тұрарларды осындай
биік деңгейлі өнеге көріп өскен биік тұлғалар деп са-
наймыз.
Балалар 5-6 жасқа дейін жақсы мен жаманды,
дұрыс пен бұрысты толық парықтай алмайды. Сол
үшін қолдарын ыстық суға да, отқа да апарып қалады.
Өйткені олардың қауіпті екенін біле бермейді. Ата-ана
оларды содан қорғаштап өсіреді. Алайда қауіп-қатер