Previous Page  86 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 86 / 192 Next Page
Page Background

86

Жанұя жарасымы

Жыл сайын Рамазан айында Жәбірейіл періште түсіп,

екеуі Құранды сабақ қылып қайталайтын. Көктің ама-

натын арқалаушысы мен жердегі ең сенімді аманат иесі

Құран кәрімді бірге оқитын.

Құран – берекелі және құтты кітап. Құранда Алла

тағала: «Бұл – біз құтты етіп түсірген Кітап» («Әнғам»

сүресі, 92-аят) деп осы ақиқатты жеткізген. Оның

құттылығы мен берекесі жақсылап оқуда, үкімдерін

орындауда, нұсқаулары бойынша өмір сүруде. Ол,

әсіресе, қоғамдық ауруларға, әлеуметтік дерттерге, ақыл

мен нәпсінің ауруларына ем. Алла тағала Құран Кәрімде

былай дейді: «Әй, адамдар! Сендерге Раббыларыңнан

бір үгіт, жүректегі нәрселеріңе бір шипа, имандылар

үшін сенімді бастаушы және рақым келді» («Юнус»

сүресі, 57- аят). Байқап қарасақ, аятта «жүректегілерге

бір шипа» делінген. Демек, ол ең алдымен, жүректерге

дауа.

Жалпы алғанда, Құран – мұсылмандар үшін дүние

ісінде де, ақырет ісінде де назарға алынатын басты

бағыт, жол-жоба, жөн-жосық. Ол жеке адамды да,

отбасын да, қоғамды да мәңгілік ізгілік пен бақытқа

жетелейді. Жеке адамдар да, отбасылар да оны

өмірлеріне шамшырақ етіп ұстануға тиіс. Құранның

мінезін өзіне әбден сіңіріп алғанша, оның әдептерін

тал бойына қалыптастырғанша тынбай әрекет етуі ке-

рек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) осылай жасаған жоқ па еді?

Айша анамыздың айтуынша, оның мінезі Құран болды.

Ал кімде кім Мұхаммед пайғамбарымыздың мінезін өз

бойына дарытқысы келсе, Құранды оқып, соның мінезін

үлгі етуі керек. Мәселен, қасиетті кітаптың «Бақара»

сүресінде ә дегеннен-ақ тақуалық мінезі баяндала-