Previous Page  83 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 83 / 192 Next Page
Page Background

83

Дін – насихат

Өйткені ол – Алланың мықты жібі және хикметке толы

сөзі, әрі ол – тура жол. Онымен жүргендер адаспайды,

оны арқау еткен тілдер шатаспайды. Ғалымдар оны

қанша оқыса да, әсте тоймайды, көп оқылғаннан ол

ескірмейді, ішіндегі ғажайыптары сарқылмайды. Жын-

дар оны естігенде, «Шындығында, біз аса ғажап Құран

естідік» деп таңданыстарын жасыра алмады. Кім оған

сүйеніп сөйлесе, туралық айтады, онымен үкім етсе, әділ

болады, оны ұстанып өмір сүрсе, мол сауапқа кенеледі,

оған шақырған тура жол табады». Міне, Алланың соңғы

елшісі Құранның сипаттамасын осылай беріпті.

Шындығында, жер бетінде Құраннан қадірлі,

Құраннан қастерлі кітап жоқ. Ешбір кітап бұл дүниеде

дәл Құрандай шексіз құрметке ие болмайды. Осынау

аса қадірлі кітап алғашқы аяты түскен күннен бастап,

бүгінге дейін сан мыңдаған ғылыми еңбектердің,

шығармалардың, зерттеулердің алтын арқауы болып

келді. Мұсылман әлемінің барша ғұламасы қасиетті

Құранға кез келген мәселені шешудің қайнар көзі

ретінде жүгініп келгені мәлім. Құранның еш уақытта

сарқылмас бұлағынан бүгінгі таңда адамзат баласы қол

жеткізген бүкіл жетістіктер де, өркениет атаулы да келіп

шыққан десек, сөзіміз жалған болмайды.

Алла тағаланың өзі Құран кәрім туралы былай

деді: «(Мұхаммед (с.ғ.с.) егер бұл Құранды бір тауға

түсіргенімізде, оның Алладан үрейленіп быт-шыты

шыққанын көрер едің. Ал мұндай мысалдарды адам

баласы ойлансын, ақылға салсын деп келтіреміз» («Ха-

шыр» сүресі, 20-21 аяттар).

Міне, Құран осыншалықты зілбатпан жүк һәм

салмағы ауыр аманат. Аталмыш аят бізге маңайымыздан