78
Жанұя жарасымы
келген таңдаулылар»
2
дейді. Олай болса, Алла тағала
құлын қаншалықты жақсы көрсе, оған соншалықты
ауыр сынақ береді. Осы ақиқатты ұғынған кейбір
мұсылмандар бастарына қиындық келмесе «Алла мені
жақсы көрмейді ме?!» деп қорыққан екен.
Адамзат тарихында Әйюб пайғамбардың нағыз
сабырдың үлгісін көрсетіп кеткені аян. Ол үсті-басын
түгелімен жара қаптап, құрттап кетсе де сабыр сақтаған
қалпы Аллаға құлшылық жасап дұға етумен бол-
ды. Бүкіл денесін жеген құрттар Алланы зікір ететін
тілі мен жүрегіне жеткенде ғана дұға оқып, Алладан
жәрдем тіледі. Алла осыншама қиындыққа көнген,
Жаратушының берген сынағынан сүрінбей өткен Әйюб
(а.с.) жайлы:
«Шынында, оның сабырлы екенін көрдік.
Ол қандай жақсы құл! Өйткені, ол нағыз бойсұнушы
әрі үнемі тәубе етуші»
деген болатын («Сад» сүресі,
44-аят).
Ислам ғалымдары сабырды бірнеше топқа бөліп
қарастырған. Солардың ішінде мынадай негізгі топтарға
тоқталуға болады:
1. Ғибадатқа сабыр
. Күн сайын бес уақыт намаз
оқу алғаш бастаған адамға қиын көрінуі мүмкін. Алай-
да, сабырлықпен шыдап, рухын намазбен шыңдаған
кісіге белгілі бір уақыт өте келе бір намазды қаза
қылу да үлкен өкінішке айналады. Сонымен қатар,
ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару, ілім іздеу,
жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю секілді
ғибадаттардың барлығы да үлкен сабырлылықты талап
етеді. Сондықтан, нәпсіге ауыр тигеніне қарамастан
2
Тирмизи, Зуһд, 56; Ибн Мажә, Фитән, 23