Previous Page  77 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 77 / 192 Next Page
Page Background

77

Дін – насихат

шыдап, төзімділік танытқанымыз жөн. Өйткені ешбір

қиындық адамның басында мәңгі қонып тұрмайды.

Қараңғы түннің артынан шуағын төккен жарық күннің

шығуы қандай заңдылық болса, қиындықтың соңы

жеңілдікке ұласатыны да шындық. Өмірдің өзі тұтастай

өткінші болғандықтан біздегі қуаныш пен қайғы атау-

лы да өтпелі. Өтпелі нәрсеге бола өмір бойы сан соғып

«әттегенайлап» өту қисынға теріс, ақылға орынсыз. Кез

келген қиындыққа тап болсақ, «бұл да өтеді» деп нар

тәуекелге бел буу – аса маңызды.

Хазірет Әли: «Адам денесінде бастың орны қандай

болса, иман тұрғысынан алғанда сабырдың орны да дәл

сондай» деген.

Алла тағала Құрандағы көптеген аяттарда са-

бырлы болуды дәріптеп, сабырлы құлдарды жақсы

көретіндігін, сабырлы жандарды үлкен айтулы сый-

сияпатқа бөлейтіндігін жеткізген. Мысалы, «Әли Им-

ран» сүресінің 146-аятында: َ

وَاللُّ يُحِبّ الصّابِرِين

«Алла сабырлыларды жақсы көреді»

– делінген.

Ал бір хадисте «

Сабыр – иманның жартысы

»

делінеді.

Ислам тарихына қарасақ, алғашқы мұсылмандар

исламды қабылдағаны үшін тепкі мен теперіш көрді.

Қорлық көргені өз алдына, қан-жоса болып сан мәрте

соққыға жығылды. Сонда да олар мұсылман болудан

таймады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

«Адамдардың

арасындағы ең ауыр қиындықты бастан өткерушілер,

әуелі – пайғамбарлар, содан кейін дәрежесіне қарай