Previous Page  82 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 82 / 192 Next Page
Page Background

82

Жанұя жарасымы

ойлауы мүмкін. Шындығында, Құран – өзіне дейінгі

түскен барлық парақтар мен кітаптарды қамтыған. Құ­

ран – санасы қанша жетілсе де ақыретке дейінгі келетін

күллі адамзаттың барлық рухани әрі заттық сұраныс­

тарына жауап беретін, жеке тұлғалық, қоғамдық әрі

әлемдік барлық проблемаларына қатесіз толық шешім

беретін, адамның санасы жете бермейтін көмескі әлем­

ді суреттеп, беймәлім сырларды ашатын, екі дүниенің

бақытын көрсетіп, ақ пен қараның ара-жігін ажыратып,

өзіне сеніп, шырақ тұтқан жандарды рухани кемелдік­

ке тәрбиелейтін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген

қасиетті соңғы кітап.

Иә, Құран бір кітап. Бірақ адамдардың қаламынан

туған жай кітап емес. Құран – Алланың сөзі. Әр

әрпіне қасиет тұнған кітап. Қысқасын айтқанда, жер

жаһандағы ең қадірлі, ең қасиетті, әрі берекеге толы

кітап. Өйткені онда бүкіл ғаламдарды жаратушы ұлы

Алла тағаланың адам баласына жіберген ұлы хабары

бар. Адам баласы қайтсем екі дүниеде бақытты бо-

лам деген сауалдың жауабын осы Құраннан таба ала-

ды. Құранның тәлімін басшылыққа алған адамдардың

өміріне құт-береке дариды. Мысалы, не үшін Құран

оқып, оның бұйрықтарына көңіл бөлетін үйде ұрыс-

керіс болмайды? Өйткені онда Құран берекесі болады.

Осы ретте ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) Алланың

кітабы – Құран туралы хадисіне назар аударайық:

«Алланың кітабы сол – ішінде сендерге дейінгі

уақиғалар, сендерден кейінгі хабарлар және араларыңда

жасалатын үкімдер бар. Ол ешбір әзілі жоқ төреші кітап,

оны менсінбей көзге ілмегендерді Алла оңдырмайды,

ал одан басқадан туралық іздегендерді адастырады.