Previous Page  79 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 79 / 192 Next Page
Page Background

79

Дін – насихат

сабырмен, шыдаммен, төзіммен ғибадат жасау екі

дүниенің де бақытын ойлаған адамның ісі.

2. Күнәға сабыр

. Негізі күнәларды адам баласына

әшекейлеп көрсететін – шайтан. Бейне бір ішіне у қосып

бал берген секілді. Пайғамбарымыз бір хадисінде:

«Жаннаттың жолы қиындықтармен, тозақтың жолы

нәпсінің қалауларымен көмкерілген», –

дейді.

3. Тағдырға, қиындықтарға сабыр.

Мұсылман

адам «Жазмыштан озмыш жоқ» деп, тағдырдың

жіберген ауыр сынын ризашылықпен қабылдауы керек.

Сабырдың бұл түрі жайлы Пайғамбарымыз:

إنّمَا الصّبْرُ عِنْدَ الصّدْمَةِ اْلأُولَي

«Сабыр − соққының алғаш тиген сәтінде»

, –

деп ескерткен. Иә, осы нәрсеге абай болуымыз керек.

Мәселен, аса қымбат бір затымыздан немесе жақын

адамдарымыздың бірінен айырылып қалғанымызды

кенет естіген мезетте, сол сәтте сабыр ету – сабыр.

Ал ауыртпашылыққа жолыққан кезде айқайлап, боз-

дап, басымызды тасқа ұрып, кейін уақыт өте келе,

бойымыз үйренген соң сабыр шақыру – сабыр емес.

Пайғамбарымыз

«Қапыда сүйіктісінен (перзентінен)

айырылса да сабыр етіп, қарымын Алладан күткен

мүмін құлға Алла, ең жоқ дегенде, жаннатты тарту

етеді, сый-сияпаттың одан төменіне разы болмайды»

деу арқылы ең жақсы көрген ет жақын адамы көз жұмса

да мүмін құлдың сабыр сақтауы керектігін үйретеді.

Сөз соңында айтарымыз, басқа түсетін қиындықтар

мен қасірет-қайғының бәрі мұсылманның түпкі

мақсатымен салыстырғанда түкке де алғысыз. Талап

етілген мәңгі бақи құт мекен – жәннаттың құндылығы