Previous Page  76 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 76 / 192 Next Page
Page Background

76

Сабыр

Сабыр − адам баласы қандай да бір қиын жағдайға

тап болғанда, бойыңдағы бар күш-қуатын жинап

қайраттанып, сол ауыртпалыққа қарсы тұру дегенді

білдіреді. Сабыр – екі дүниенің бақыты үшін Жарату-

шы иеміздің адам бойына дарытқан ғажап сыйы. Ол

адам рухын кемелдендіретін көркем мінездердің бірі.

Тағдырға ризашылық пен шүкірліктің де белгісі. Ал ба-

сына қиындық келе қалса, «шаршадым, әбден қажыдым,

осыншалықты қинайтындай мен Құдайға не жаздым»

деп тағдырға налып, іштей риза болмау осы сабырдың,

төзімнің саяздығын көрсетеді.

Негізінде, өмірде қуаныш пен қайғы адамға кезек-

тесе келіп отырады. Жаратушы иеміз Құранда:

َوَلَنَبْلُوَنّكُمْ بِشَيْءٍ مِّنَ الْخَوفْ وَالْجُوعِ وَنَقْصٍ مِّنَ الأَمَوَالِ

وَالأنفُسِ وَالثّمَرَاتِ وَبَشِّرِ الصّابِرِين

«Сөзсіз біз сендерді қорқынышпен, аштықпен,

мал-мүліктеріңді, өздеріңді әрі өнімдеріңді кеміту

арқылы сынаймыз»,

1

дейді.

Демек, адамның басына дұшпанның тезіне жолығу,

құрғақшылыққа ұшырау, туған-туыс, бала-шағадан

айырылу, аштыққа тап болу, бүкіл дүние-мүліктен

қас-қағым сәтте айрылып қалу секілді әр түрлі сынақ

келуі мүмкін. Сол сияқты

кеңшілік те, таршылық та,

жоқшылық та, баршылық та, ауру-сырқауға ұшырау

да – сынақ. Сондай кездерде көрген ауыртпашылыққа

1

«Бақара сүресі, 155-аят.