73
Дін – насихат
пайдасы бар ма, жоқ па? Ол жағы белгісіз. Міне, осы
секілді мәселелер ескерілуі керек.
Көре алмаушылық, ең алдымен сондай мінезге ие
адамның өзіне зиян. Өйткені ондайлар жұрт секілді
қуана да алмайды. Жүректерінің түбінде мұң жүреді.
Жұмыстары да табыссыз, өнбейді. Сөйтіп жүріп жүрек
ауруына душар болады. Қысқасы, бұл мінезге ие адамдар-
дан жақсылықтың бәрі қашады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
хадис шәріптерінің бірінде: «
Көре алмаушылықтан
сақтаныңдар, ол сендердің сауапты істеріңді оттың
отынды жалмайтынындай жойып жібереді
» деген.
Құрғақ отынға от тиіп кетсе, оның аз ғана уақытта түгі
қалмай шатырлап жанып кететінін бәріміз білеміз. Ен-
деше, іштегі жеміт мінезіміз бойымыздағы жақсылық
атаулыны дәл солай жалмап тынуы да ықтимал.
Күншілдігі бар адам өсекті де, өтірікті де судай
сапырғыш келеді. Адамдардың арасына да оп-оңай от са-
лудан да тайынбайды. Өзге де кесір-кесапаттарды жасай
береді. Бәрінен сорақысы сол – көре алмаушылық пен
күншілдік иманның да қас дұшпаны. Әз Пайғамбарымыз
(с.ғ.с.) хадистерінің тағы бірінде: «
Бір құлдың жүрегіне
күншілдік пен иман қатар сыйыспайды
» деген.
Ертең Жаратушы иеміздің алдында есеп беруге жи-
налып тұрғанымызда: «Қап, әттеген-ай, түк қалдырмай,
түгел жалмап кетіпті-ау!» деп осы мінезді қанша
қарғасақ та, ол кезде бәрі де кеш болады. Сондықтан
осы бастан бұл кесірлі мінезбен күрескен дұрыс.
Бұл мінездің адамдар арасында кеңінен жайылуына
ең алдымен лағынет атқыр шайтан себеп болады. Сонау
Адам атамыздың дәуірінен бері шайтан бұл істі кәсіп
етіп келеді. Тарихқа бір сәт үңіліп көрейікші.