Previous Page  68 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 68 / 192 Next Page
Page Background

68

Күмәнді ой да – күнә

Көп адамның бойында кездесетін рухани кеселдердің

бірі өзгелер жайлы жаман ойлау. Кейде айналада болып

жатқан істерді тек жамандыққа жоритын, өзгелерден тек

жамандық күтетін, ақиқатын анық білмесе де, жалған

жорамалдар жасап, айналасындағы адамдарды өзінен-

өзі жек көріп жүретін сұрқия мінездерді көзіміз шалады.

Бар ойын өзгелер жайлы күмән-күдік торлаған адам

сөйлемей тұрмайды. Ал ақиқатқа теріс жаман ойдан

не өтірік не өсек шығады. Сөйтіп кейбіреулер жаман

ойлап қана қоймай, сол жаман ойын жұртқа өсек қылып

таратып та жүреді. Қаншама адам сондай ғайбат сөзге

сеніп те қалады. Екі ортада жазықсыз жандар сорлай-

ды. Нақақтан нақақ біреудің қарғысына ұшырайды.

Осыған қатысты хадис шәріптердің бірінде Алланың

елшісі (с.ғ.с.): «Жаман ойлаудан аулақ болыңдар.

Өйткені жаман ойлау – сөздердің ең өтірігі» деген. Де-

мек, бір адамның екінші адам жайлы жаман ойлауының

артында қаншама ауыр күнәлар жатыр. Бұл жайлы

Құран кәрімде: «

Әй мүміндер! Көп күмәннан аулақ

болыңдар. Шындығында, күмәнды ойдың кейбірі

күнә»

деген анық аят бар («Хужарат» сүресі, 12-аят).

Аятта өзгелер жайлы күмән ойлауда күнә бар екені

айтылған. Ендеше, адам кейбір жаман ойлары үшін

бұл дүниеде немесе ақыретте ауыр азапқа ұшырауы

ықтимал. Алла бетін аулақ қылсын.

Жаман ойлау көбінесе кеудесі тар, ақылы келте,

білімі жоқ, өмірден түйген-білген өнегесі аз, сауатсыз,

надан адамдардың бойынан көрінеді. Қазақтың «Жа-