Previous Page  67 / 192 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 67 / 192 Next Page
Page Background

67

Дін – насихат

толғамайтын ба еді?! Мұсылман адамның сипаты

Құранда айтылған әрбір ақиқатқа қалтқысыз сену бо-

луы қажет. «Самиъна уа атаъна» («Естідік, бағынамыз»)

деген қағиданы мұсылман адам еш уақытта ештен

шығармауы керек

Сол секілді Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с)

өзіне де, сөздеріне де, қалдырған сүннетіне де өзін

мұсылман санайтын адамның ерекше ілтипаты болуға

тиіс. Бұл жағынан түптеп барғанда, Алла елшісін жай

бір қатардағы адамдармен тең санаудың өзі Алланың

сүйікті құлына деген құрметсіздік болса керек. Ұлы

Алла тағаланың өзі Пайғамбарымызды «хабибім,

сүйіктім» деп атайды. Ал енді адамдардың Алла

елшісіне (с.а.с.) деген құрметі қандай болу керектігін

осымен салыстырып көре беріңіз. Алланың жақсы

көргенін жақсы көру Аллаға деген сүйіспеншіліктің

бір белгісі. Әрине, Пайғамбарымыздың өзі «Мені өзге

қауымдар секілді асыра әспеттемеңдер» деп өсиет

қалдырған. Бірақ Алла елшісін өз жанымыздан артық

жақсы көрмейінше иманымыз толықпасы тағы ақиқат.

Ардақты пайғамбарымыз өз үмбетінің қамы үшін бүкіл

өмірін сарп етті десек, артық айтқандық емес. Небір

шешуші кезеңдерде өзінің емес, үмбетінің пайдасына

тоқтамдар жасады. Ұйқысыз түндері, жасқа толы жа-

нары, мейірім толы жүрегі, үмбетіне деген айрықша

қамқорлығы оны бұл дүниедегі барлық нәрседен

артық құрметтеуге, жақсы көруге тұрарлықтай. Ал

ертең ақырет күнінде өз үмбетіне шапағат ететіні тағы

бар. Сондықтан осы бір асыл жанның аты аталғанның

өзінде-ақ әрбір мұсылманның жүрегі елжіреп, оған де-

ген сүйіспеншілігі артуға тиіс.