65
Діни құндылықтарға құрмет
Ислам – адамды екі дүниеде бақытты ететін дін. Ол
адамның қай жерде қалай әрекет ету керектігін, қандай
сөз айтып, қандай мінез таныту керектігін толыққанды
үйретіп отырады.
Дін – адамды жеке адамды жетілдіретін, қоғамды
кемелдендіретін қасиетті күш. Әрбір халық өз дініне
құрметпен қарайтыны осыдан. Ендеше адам бала-
сына туған жердің әрбір тасы, құмы, сынық шөбіне
дейін қаншалықты қымбат болса, әрбір діни ұғым да
соншалықты құнды болуға тиіс. Қазақ халқы да сан
ғасырдан бері ата дініміз Исламға осылай құрмет
көрсетіп келеді. Бұл құрметті бұрынғының алтын тінін
үзбей жалғастырып келе жатқан адамдардың өмірінен
бүгін де кездестіруге болады. Мысалы, қариясы бар
бір үйге барып намаз оқимын десең, құманға су құйып,
жайнамаз төсеп, ойнап жатқан балаларды басқа тамға
шығарып, абыр-сабыр бәйек болатынын көріп жүрміз.
Сондай-ақ қасиетті Құран кітапты көк торғын шүберекке
орап, биік жерге қоюының өзі Құранға, дінімізге де-
ген құрметтің көрінісі. Рамазан айы жақындады де-
геннен талқанын түйіп, қазысын сүрлеп, сәресі мен
ауызашардың қажет жабдықтарын дайындауға кіріседі.
Ал айт күндері ауыл өмірі нағыз той-думан. Әрбір үйде
арнайы дастархан жайылып, сан түрлі ұлттық тағамдар
әзірленіп, есіктер айқара ашылып, еңбектеген баладан
еңкейген кәріге дейін мәре-сәре қуанышқа кенеледі. Бұл
да дініміздің талабынан туған игі дәстүріміз.