60
Жанұя жарасымы
Сөзіміздің соңын сахабалар дәуірінен нағыз Алла
разылығы үшін жақсы көрудің бір үлгісін айта кетелік.
Әбу Ыдырыс әл-Хаулани былай деп әңгімелейді: «Бір
күні мешітке кірсем, жаны жайсаң бір жігіт, айналасын
қоршап бір топ адамдар отыр екен. Бір нәрсеге келісе
алмай қалған жұрт, әлгі жігіттен төрелік сұрап отыр.
Әрі оның айтқан өсиеттерін ұйып тыңдап отыр. Бұл
жігіт кім деп сұрап едім. «Муаз ибн Жәбәл» деп жауап
қайырды бір кісі. Содан ертесі күні таңертең мешітке
қарай асықтым. Барсам, ол менен бұрын келіп намазын
оқып отыр екен. Намазын аяқтағанға дейін күттім де,
қасына барып сәлем бердім. Сосын оған:
– Алланың атымен ант етейін, мен сені жақсы
көремін,– дедім.
– Алла разылығы үшін жақсы көресің бе?
– Иә, Алла үшін.
– Шынымен Алла үшін бе?
– Иә, шынымен Алла үшін.
Сонда әлгі жігіт мені өзіне тартып құшақтап
тұрып былай деді: – Сені құттықтаймын. Өйткені
Пайғамбарымыздың былай дегені бар: «
Аллатағала «тек
қана менің разылығым үшін бір-бірін жақсы көргендер,
менің разылығым үшін бір жерге жиналғандар, Менің
разылығым үшін бір-біріне қонаққа барғандар және тек
Менің разылығым үшін ғана садақа беріп, жақсылық
жасағандар махаббатыма лайық болады
» дейді».